• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
22 Тамыз, 2015

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығы  №45

311 рет
көрсетілді

2015 жылғы 3 маусым,  Астана қаласы №___дана Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде қызметтік жануарларды дайындау және күтіп ұстау үшін мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) Шекара қызметінде қызметтік жануарларды дайындау және күтіп ұстау үшін мүлікпен жабдықтау нормалары бекітілсін. 2. ҰҚК Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 3. ҰҚК Шекара қызметі тиісті жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен және шегінде қызметтік жануарларды дайындау және күтіп ұстау үшін мүлікті сатып алуды кезең-кезеңімен жүзеге асырсын. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Комитет Төрағасы Н.ӘБІҚАЕВ. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _________________ Б.Сұлтанов 2015 жылғы «__» ______ № __дана Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 маусымдағы №45 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде қызметтік жануарларды дайындау және күтіп ұстау үшін мүлікпен жабдықтау нормалары 1. Шекара қызметінің қызметтік жануарларын дайындау және күтіп ұстау үшін объектілермен жабдықтау нормалары Рет № Жабдықтау нормаларының атауы Өлшем бірлігі Оқу бөлімшелері-мен шекара жасағы (жеке шекаралық комендатура) үшін Шекаралық бақылау жасағы (жеке бақылау өткізу пункті) үшін Шекара заставасы үшін Шекара бақылау бөлімшесінешін Кинологиялық орталық үшін Оқу-жөндеу кавалериялық заставасы үшін Шекара қызметінің академиясы үшін 1 Қызметтік иттерге арналған питомник-павильон (штатта қарастырылған иттердің санына) бірлік 1 1 1 1 11 - 4 2 Қызметтік иттерді жаттықтыру бойынша сабақтар жүргізуге арналған оқу-жаттығу даласы бірлік 1 1 - - 3 - 1 3 Манежімен атты-кавалериялық кешен (70 атқа) бірлік - - - - - 1 - 4 Ат қора мен атты байлайтын орын (штатта қарастырылған аттардың санына) бірлік 1 - 1 - - 1 1 5 Кавалериялық дайындыққа арналған манеж бірлік 1 - 1 - - 1 1 6 Қызметтік иттерді жаттықтыруға арналған кедергілер жолағы бірлік 1 1 1 1 1 - 1 2. Шекара қызметінің кинологтар тобын (бөлімін) арнайы мүлікпен жабдықтау нормалары Рет № Жабдықтау нормаларының атауы Өлшем бірлігі Саны Қолдану мерзімі (жыл) 1 Итке арналған ағаш күрке дана 1 итке 5 2 Қызметтік иттерге арналған жиналмалы вольерлер (қызметтік иттердің штатына) дана 1 итке 10 3 Қызметтік жануарлар мамандарының тобын дайындауға арналған оқу-жаттығу плакаттары (10 плакат) жынтық 1 топқа 5 4 Электр қарғыбау дана екі итке 1 1 5 Тәттілерге арналған сумка дана 1 итке 1 6 Вольерді тазалауға арналған щетка дана 1 итке 1 7 Кинолог кеудешесі дана 1 кинологқа 2 8 Брезент плащ дана 1 кинологқа 1 9 Арнайы кинолог киімі дана 1 топқа 4 10 Вольерді жинауға арналған металл қалақ дана 1 итке 2 11 Вольерді жинауға арналған қалақ күрек (үшкір) дана 1 итке 2 12 Жалаушалар жынтығы жынтық 1 топқа 3 13 Жергілікті жерді, үй-жайларды, көлік құралдарын тінтуге арналған оқу-жаттығу жиынтығы жынтық 1 топқа 3 14 Заттарды үлестірмелі сұрыптауға арналған оқу-жаттығу жиынтығы жынтық 1 топқа 3 15 Заттарды үлестірусіз сұрыптауға арналған оқу-жаттығу жиынтығы жынтық 1 топқа 3 16 Жарылғыш заттардың иісін елестетін оқу-жаттығу реквизиттерінің жинағы жынтық 1 топқа 3 17 Есірткі заттарының иісін елестетін оқу-жаттығу реквизиттерінің жинағы жынтық 1 топқа 3 18 Итке арналған 3-сыныпты қорғау броньды кеудешесі дана 2 топқа 8 19 Иттерді тасымалдауға арналған контейнер дана 3 итке 1 5 20 Түнгі іздеу жұмыстары үшін жарқырағыш маягы бар аспап дана 1 итке 1 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 3 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11544 болып енгізілді.